Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты. Оқиға бүгін таңертең, Ырғыз ауданында болды. Облыстық білім басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, бес оқушы мен бір мұғалім Жаныс би ауылынан аудан орталығына пәндік олимпиадаға қатысуға бара жатқан. Олар мінген жеңіл машина Құрылыс ауылының маңында қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Үш адам сол жерде қайтыс болды. Қалған үш оқушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Балалар мінген көлікті полицейлер жетекке алуы тиіс еді, ондай тапсырыс берілмеген.
Ардана Саймағамбетов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Автокөлік заявка ішінде жоқ. Сондықтан ол ауылдың басқа оқушылары заявкада көрсетілген аман-есен жеткізілді. Екі және одан да көп адамдардың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы.
Кемел Жақсыбеков
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
20.10.2025, 19:13

А.Қалиев: «Алтын домбыра» – Торғай өңіріне ортақ қуаныш
20.10.2025, 17:37
Сурдлимпиада ойындарының басталуына 1 ай қалды
20.10.2025, 17:36
«Капитан Байтасов» фильмі прокатқа шығады
20.10.2025, 17:32
Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
20.10.2025, 17:30
Астана оқушылары қайта өңделетін материалдардан бұйым жасады
20.10.2025, 17:25
Қызылорданың тұңғыш астана атанғанына бір ғасыр болды
20.10.2025, 17:22
Республика күні – ел еңсесін көтеретін мереке
20.10.2025, 17:20