Семейде ән атасы – Әміре Қашаубаевтың 135 жылдығына орай, «Жалғыз арша» халықаралық ән байқауы өтті. Еліміздің әр түкпірінен, сондай-ақ көрші мемлекеттерден жиналған күміс көмей, жез таңдайлар дәстүрлі ән айтудан сынға түсті. Сахнадан Әміре әндерімен қатар халық композиторлар мен Абай әндері әуеледі. Байқаудың мақсаты – халқымыздың дәстүрлі ән өнерін дамытып, ән дүлділі – Әміренің шығармашылығын насихаттау. Екі күнге созылған өнер додасында Рамазан Стамғазиев, Ерлан Рысқали, Секен Тұрысбеков сынды дәстүрлі өнер майталмандары үздіктерді анықтады.
Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
Әміре – ол қазақтың Әміресі. Әміре – ол қазақтың үні, қазақтың жаны. Қазақтың үлкен дәстүрлі көшінің басында тұрған біздің ардагер ән атасы Әміре. Сондықтан қазақ өнері жасасын. Қазақ өнері өлмесін.
Ержан Жақып