Өзбекстан газ құю стансалары қалыпты жұмысқа көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан газ құю стансалары қалыпты жұмысқа көшті

19.12.2023

Өзбекстанның бірнеше облысы мен Ташкент қаласындағы газ құю станциялары қалыпты жұмыс режиміне көше бастады. Газ тұтынушыларға кедергісіз беріліп жатыр. Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады. Еске салайық, бұған дейін сұйық отын тарататын бекеттердің жұмысы шектелген еді. Өткен аптада Өзбекстанда ауа райы күрт салқындады. Осыған байланысты ел астанасында және бес бірдей облыста газ құю станцияларының жартысынан астамы жұмысын мүлде тоқтатты. Бұған табиғи және сұйытылған газды тұтыну көлемінің шамадан тыс артуы себеп болған еді.

Хасан Ташхуджаев, Өзбекстан Республикасы энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы:

Қазіргі уақытта «Худудгазтаминот» компаниясынан газ алушы 1204 газ құю бекетінің 689-ы белгіленген кестеге сай жұмыс істеп тұр. Метан газын тарату стансаларына 5,7 млн текше метр табиғи газ бен 400 тонна сұйылтылған газ жеткізілді.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу