Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егіс науқаны аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде егіс науқаны аяқталуға жақын

05.06.2017

Жұмыстың ойдағыдай жүруіне мемлекеттің шаруашылықтарға қаржылай қолдау көрсетуі көп септігін тигізіп отыр. Биыл дән себу жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттен 60 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы шаруаларға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жеңілдетілген несие түрінде беріліп жатыр.

Жыл өткен сайын көктемгі және күзгі дала жұмыстарын несиелеу көлемі артып келеді. Мысалы, 2016 жылы еліміз бойынша шаруалардан жалпы сомасы 49 млрд. теңге болатын 1508 өтініш түссе, биыл 67 млрд. 700 млн. теңгеге 2390 өтініш түскен. Бұл үлестен қостанайлық диқандар да құр қалмады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу