Соңғы үш айда, 14 облыста Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының орталығы ашылды. Сондай-ақ, академия әр өңір әкімдігімен арнайы меморандумға отырды. Сол арқылы ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге басымдық береміз деп отыр. Бүгін де Алматыда бас қосқан ғалымдар келесі жылдан бастап 2030 жылға дейінгі Үкіметке агроөнеркәсіп кешінін дамыту бағдарламасын ұсынды. Оның ішінде ең өзектісі су мәселесі. Мәселен, Қызылорда күріш, Түркістанда мақтаны суғару үшін 70 пайыз суды үнемдейтін жаңа технологияны енгізу қажет екені айтылды. Сондай-ақ, ғалымдар шегіртке шоғырының егін алқаптарына зиян келтірмеуі үшін жаңа препараттарды пайдалануды ұсынды.
Әйгерім Ердаулет