Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде болған маңызды бес өзгерісті атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде болған маңызды бес өзгерісті атады

16.03.2023

Былтыр 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бергі бір жылға жетпейтін уақытта бұрын-соңды Қазақстанда болмаған кең көлемді өзгеріс жасалды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram каналында жазды. Ең бастысы Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты. 

Хабарламаларға жазылу