Петропавлда көпқабатты үйлер көгілдір отынсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда көпқабатты үйлер көгілдір отынсыз қалды

14.12.2023

Петропавлда 2 мыңнан астам отбасы газсыз отыр. Жаз маусымында пайдалануға арналған көгілдір отын қақаған аязда қатып қалды. Қала тұрғындарын газбен қамтушы компанияның апаттық қызметіне бір аптада 100-ге тарта шақырту түскен. Жұмысшылар құбырларды қайта іске қосып үлгермей жатқандарын айтады. Осының салдарынан 2-3 күннен бері газсыз отырған үйлер бар. Дегенмен мамандар көгілдір отынның аязда қатып қалуының себебі бар дейді.

Рита Сумликина, газбен қамтушы компания директорының міндетін атқарушы:

Талапқа сай қыста «техникалық пропан» маркасы қолданылады. Сұйық отынның бұл түрі қымбат. Тамыз айында облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті қысқы газдың құнын жаздық отынмен теңестіріп тастады. Салдарынан 4 айдан бері коммерциялық тендерде «техникалық пропан» ала алмай отырмыз. Қаңтар айында тағы да қатты аяз болады. Газ қатады. 


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу