Елге заңсыз электромобиль әкелетіндер 100 млн теңге салық төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге заңсыз электромобиль әкелетіндер 100 млн теңге салық төлемеген

14.12.2023

Елге электромобиль әкелетіндер заңсыздыққа барып, 100 млн теңге салық төлемеген. Кеден шарты бойынша бір азамат жылына шетелден бір ғана көлік жеткізе алады. Алайда электромобиль иелері өз атына рәсімделген машинаны кейіннен сатып жіберген. Дәл осындай қитұрқылық әрекет 8 автосалонда тіркелген. Алматы қаласының өзінде 34 жағдай болған.


Хабарламаларға жазылу