Алматыда қатты аяздан әуе рейстері кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қатты аяздан әуе рейстері кешігіп жатыр

14.12.2023

Алматыда да қатты аяздан әуежайдағы ұшу алаңында қиындықтар туындап отыр. Мұны әуежайдың баспасөзі қызметі растады. Мәселені жылдам шешу үшін техникалық мамандар жұмылдырылған. Түнде Алматыдан Делиге, Астанаға, Ташкент пен Ақтауға ұшатын ұшақтардың рейстері кешіккен. Ал бүгін таңғы 5 жарымда Таразға бағыт алуы керек болған рейс те уақытында ұша алмады.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу