Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қыс қаһарына мінді. Кешелі бері ақтүтек боран бой берер емес. Әсіресе Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы жағдай күрделі.
Түркістан облысында жолдар түнде жабылды. Түлкібас ауданының Шақпақ баба елдімекенінде 50-ге жуық жүк көлігі мен 40 шақты жеңіл көлік тұрып қалған. Жолда қалғандарды жаппай қауіпсіз аймақтарға көшіріп, ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бәйдібек ауданында үш бекет ұйымдастырылып, полиция бөлімі тарапынан Бірлік, Шаян, Боралдай елдімекендері маңына кезекшілік қойылды.
Талғат Досалиев, Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Қазіргі таңда облыс аумағында бір республикалық маңызы бар жол және 12 облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Осы уақытқа дейін департаментті, полиция департаментінің және жол қызметкерлерінің күштерімен жалпы жолда қалған, қар құрсауында қалған 287 адам құтқарылды. Оның ішінде 35 бала.
Айнұр Ақбаева