Көкшетауда қатты аязда азық іздеген еліктер қала ішіне кіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қатты аязда азық іздеген еліктер қала ішіне кіріп кетті

13.12.2023

Көкшетауда қатты аяздан тоңып, азық іздеген еліктер қала ішіне кіріп кеткен. Бұл жазбалар шаһардың қақ ортасында орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Бурабай және Атбасар ауданының тұрғындары да олардың жол жиегінде топ болып жүргендерін әлеуметтік желілерге жариялаған. Болжам бойынша, жабайы жануарлар Ресейден келген. Қазіргі таңда қоныс аударған еліктердің нақты саны белгісіз. Мамандар оларды түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу