Жаңажылдық ашық хаттан Қытай сотталушыларының құпия хабарламасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажылдық ашық хаттан Қытай сотталушыларының құпия хабарламасы табылды

23.12.2019
Жаңажылдық ашық хаттан Қытай сотталушыларының құпия хабарламасы табылды

Жаңажылдық ашық хаттан Қытай сотталушыларының құпия хабарламасы табылды.

Лондонда 6 жастағы бүлдіршін «Tesco» супермаркеттер желісінен арзан ашық хат сатып алған. Кейін оның ата-анасы дүкен әкімшілігіне хабарласып, онда Шанхай түрмесінде жазасын өтеушілердің бірінің хабарламасы болғанын жеткізген. 

Флоренс Уиддиком сатып алған ашық хатта бас әріптер: «Біз Шанхайдағы Цинпу түрмесінің шетелдік сотталушыларымыз. Бізді еркімізден тыс жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бізге көмек қолын созып, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар», - деп жазылған.

Бұл мәселеге байланысты «Tesco» супермаркеттер желісі Қытай зауытымен уақытша іскерлік әріптестікті тоқтатты. Компания басшылығы

бұл іске қатысты тексерістің басталғанын хабарлады.

Әзірге өзге ашық хаттардан мұндай хабарламалар табылған жоқ.

Фото: latest.news


Хабарламаларға жазылу