Саунадағы балалар лагері: Іс сотқа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саунадағы балалар лагері: Іс сотқа жіберілді

13.12.2023

Алматы облысындағы саунаны балалар лагеріне заңсыз айналдыруға мүмкіндік берді деген маманға қатысты тергеу аяқталды. Прокурорлар істі қалалық сотқа жіберді. Білім басқармасындағы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы өткен айда ұсталған болатын. Ол балалардың демалысын ұйымдастырушыдан 12 млн теңге пара алмақ болды деген күдікке ілінген. Яғни, пара компанияны конкурс жеңімпазы деп тану үшін берілген. Балалар лагерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық немесе еңбек ресурстары жоқ компания жеңімпаз деп танылғаны анықталды. Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда қала сыртындағы балалар лагерінің жұмысына бір топ ата-ана наразылық білдірген еді. Өйткені, балалар ересек кіслер демалатын орын саунада орналасқан.

Әйгерім Ердаулет


Хабарламаларға жазылу