Жылу нысандары туралы жалған ақпарат таратуға жол бермеу керек – Үкімет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылу нысандары туралы жалған ақпарат таратуға жол бермеу керек – Үкімет басшысы

12.12.2023

Қолайсыз ауа-райынан немесе өзге де себептермен жылу нысандарында апат болған жағдайда халыққа дер кезінде әрі нақты ақпарат тарату қажет. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдерге осындай тапсырма берді. Өткен аптада бірнеше өңірде қазандықтардың жұмысында технологиялық апаттар болғаны рас. Дегенмен, тиісті жұмыстар дер кезінде орындалып, жағдай реттелді. Ал, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат көп тарады, - деді Премьер министр. Оның бірінші орынбасары Роман Скляр жуырда жөндеуден өткен жылу жүйелері ұзақ жыл қызмет ететіне кепілдік беретінін айтты. Дегенмен, әбден тозығы жетіп, әлі ауыстырылмаған құбырлардың тағы жарылуы мүмкін екенін жасырмады.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Апаттар әлі де болады. Себебі ондаған жыл бойы салаға дұрыс қаржы да көңіл де бөлінбеген. Мәселен Ақтауда жарылған құбыр 1975 жылы салынған. Олардың барлығы жөнделмейінше қауіптің болатыны анық. Дегенмен қазір энергетика саласына ерекше ден қойылып отыр. 2029 жылға дейін жылу жүйелерін толық жөндеп шығамыз. 

Оңғар Алпысбай 

Хабарламаларға жазылу