Қазақстандық мамандар Аустралияның мал шаруашылығын дамытудағы озық әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Арнайы делегация құрамында шаруалар мен әкімдік және министрлік мамандары бар. Аустралия қой еті экспортының үлесі бойынша әлемде бірінші орында. Дегенмен бұл елде агро салаға мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстандық мамандар жергілікті мал өсіру және күтіп-бағу тәсілдері, жем-шөп рационымен танысты.
Сырым Ертаев, кәсіпкер:
Әлемге етті сату үшін әлемнің талаптары бар. Соған сәйкес соғуымыз керек. Соған сәйкес мега фермалар соғып, дамытуымыз керек.