Қазақстан мен Кореяның дәрігерлері әріптестікті нығайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Кореяның дәрігерлері әріптестікті нығайтады

23.04.2019

Назарбаев университетінде қос елдің медицина мамандары бас қосып, онкологиялық дертпен күресу жолындағы озық әдістерімен бөлісті. Бүгінде Таңғы шық елі медициналық туризм бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып есептеледі. Жыл сайын жаман ауруды емдеудің әдіс-тәсілдерін үйрену үшін Кореяға 28 елдің мамандары барып, тәжірибесін арттырады. Жиын барысында меймандар қазақстандық әріптестерін де оқуға шақырды.

Бүгінгі таңда қатерлі ісікпен күресу өте өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені Қазақстанның өзінде 35 мыңнан аса адам осы дертке шалдыққан. Ал, жалпы онкологиялық науқастардың саны 170 мыңнан асады.

Ын Сук Ли, Корея ұлттық онкологиялық орталығының президенті:

- Бізде онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңде анықтау мен емдеудің протоколдары әзірленіп, стандарттар белгіленген. Бұл дертті емдеуде үлкен көмек. Сондай-ақ жалпыұлттық база жасақталған. Ол емдеу шаралары мен ғылыми зерттеулер жүргізгенде өте қажет. Қазақстандық әріптестерімізбен біз осы секілді тәжірибемізбен бөлістік. Алдағы уақытта әріптестігіміз артып, байланысымыз беки түсетініне сенімім мол.

Хабарламаларға жазылу