Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға барды. Ол америкалық конгресмендерге Киевке әскери көмек берудің маңызы зор екенін ұғындыруға әрекеттенбек. Айта кетсек, жақында Құрама Штаттар Сенаты Украинаға 60 миллиард доллар жәрдем пакетін мақұлдаудан бас тартты. Бүгін Зеленский Сенатта сөз сөйлейді. Ол Ақ үйде президент Джо Байденмен және Конгресте өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонмен кездесуді жоспарлап отыр.
Арыстан Рысбек