Елдегі жылу электр орталықтары газға көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі жылу электр орталықтары газға көшіріледі

11.12.2023

Еліміздегі ірі өндірістер мен кәсіпорындар ауаны ластайтын қалдықтарды бақылау үшін, автоматтандырылған жүйені енгізуге міндетті. Экологиялық кодекстегі талап сондай. Бүгінге дейін бұл жүйені 22 кәсіпорын орнатқан. Келер жылы тағы 40 өндіріс қояды. Өскеменде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен ауаның ластануын талқылауға қатысты көшпелі кеңес өтті. Онда жауапты министрліктің есебі тыңдалды. Мамандардың айтуынша, ауаның 40 пайызын жылыту электр стансалары ластайды екен. Сондықтан ескі стансаларды жаңғыртып, оларды біртіндеп газға көшіру қолға алынбақ. Қыс болса, көп өңірді көлік және көмір түтіні басады. Оған тұрмыстық қалдықтарды қосыңыз. Қазір елдегі палигондардың 95 пайызы толған. Осы ретте, 2030 жылға қарай қалдықтың 40 пайызын қайта өңдеу жоспарланып отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қоршаған ортаның экологиясы тіпті әлеуметтік мәселелердің бәрін біз дамыған елдермен бірге, солардың тәжірибесіне сүйене отырып шешуіміз керек. Ол үшін халықаралық стандартқа өзіміздікін де сәйкестендіруіміз керек. Біздің ең негізгі мақсат сол. Сондықтан да экологияға қатысты, әр өңірге қатысты анализді мұқитя қараймыз. Орнықты дамуға қол жеткізу үшін құр есеп бермеуміз керек. Бұл бағытта аймақтардың ұсыныс-құжаттары да ескерелтін болады. 


Хабарламаларға жазылу