Шығыс Қазақстан облысында 9 маралшы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 9 маралшы құтқарылды

11.12.2023

Шығыстағы Алтай ауданында 9 маралшы құтқарылды.Олар Быкова ауылынан 7 шақырым жердегі марал шаруашылығынан үйлеріне бет алған. Жолдағы Бұқтырма өзенін «Урал» жүк көлігімен кесіп өтпек болады. Алайда көліктері қалың мұзды бұза алмай, өзеннің ортасында тоқтап қалады. Өз күштерімен шыға алмаған соң, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрайды. 9 маралшыны құтқарушылар аралдан арнайы қайықпен жағаға шығарып, жол талғамайтын көлікпен жылыту пунктіне жеткізді. Ешқайсысын үсік шалмаған.

Олжас Керейхан


Шығыс Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу