Бюджет шығыны жылдан жылға өсіп жатыр. Келесі жылы елдегі барлық саланы қаржыландыруға 23 трлн 300 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде әлеуметтік салаға қазынадан 5 жарым трлн, денсаулық сақтау саласына 2 трлн 400 млрд теңге бөлінді. Білім беруге 1,6 трлн, қорғанысқа 1,2 трлн теңге бағытталды. Ал жергілікті бюджетті қаржыландыруға 5 трлн 200 млрд теңге аударылады. Оның ішінде ең көп қаржы Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына тиесілі. Министрліктер арасында Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бюджеті көбірек.