Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: Тағы бір азамат қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: Тағы бір азамат қамауға алынды

06.12.2023

Өзбекстанда 65 баланың өліміне себеп болған «Док-1 Макс» препараты төңірегіндегі дау толастамай тұр. Жергілікті ақпарат көздерінің дерегінше, қылмыстық іске куәгер ретінде тартылған тағы бір азамат күдікке ілініп, қамауға алынды. Ташкент қалалық соты бұл оқиға бойынша процесті уақытша тоқтатты.

Жоғарғы соттың ақпаратына сай, енді қосымша тергеу жүргізіледі. Айыпталушылар қатары әлі де толыға түсуі мүмкін. Еске салайық, «Док-1 Макс» деп аталатын жөтелге қарсы сиропты ішкен соң көрші елде 65 бала көз жұмған еді.

Эркинжон Турдимов, Самарқан облысының әкімі:

Қазір адамның денсаулығы саудаға айналып кетті. Дәрігерлер таныс дәріханаларындағы препаратты өткізу үшін емді оңды- солды тағайындайды. Мұндайлар заңды түрде жазалануы тиіс, керексіз дәріні жазып берген маман сотқа тартылып, жауап береді.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу