Өрімдей өнерпаздардың талантын шындайтын бәсеке. Каспий құбыр консорциумы 20 жылдан астам уақыт бойы «КҚК-дарынды балаларға» атты жас таланттар байқауының халықаралық бағдарламасын қаржыландырып келеді. Оған мұнай құбыры бар өңірлерде тұратын балалар қатысады.
Николай Горбань, Каспий құбыр консорциумының бас директоры:
Бұл байқауды әлі де жетілдіреміз. Алғашында бірнеше ауданнан аз ғана қатысушы болса, қазір ауқымды шараға айналды. Ресейден, сонымен қатар Қазақстанның үш облысынан өнерпаздар жыл сайын таланттар жарысына қатысуға ниет танытады.
Биылғы байқауға 20 мыңнан астам бала қатысты, оның 1300-і Қазақстаннан. Қатысушылар "Хореография", "Вокал", "Аспаптық жанр", "Халық музыкасы" және "Көркем сөз" атты бес номинация бойынша бақ сынады.
Күләш Есмұхамбетова, Ақтау қаласының Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі:
Аспаптық жанр бойынша ансамбль алып келдім. Ансамблімде алты оқушы бар. Осы біздер байқауға үш айдай дайындалдық.
Қайырымдылық жобасының ерекшелігі-балалардың қанаттарын қатайтып, үлкен сахнаға кәсіби түрде дайындауға мүмкіндік береді.
Виктория Рилле, Мәдени және білім беру инновациялары академиясының директоры:
Бұл тек байқау емес, білім беру, мәдени кластері деуге болады. Жас таланттардың басын қосқан халықаралық шығармашылық қозғалысқа айналды.
Халықаралық байқау мүшелері қазақстандық балалардың жоғары кәсібилігі мен ерекше талантын атап өтті. Еліміздің өнерпаздарының басым бөлігі өзгелерден оқ бойы озып, бас жүлде иегері атанды. Қазақстандық балалар Ресей астанасында «Жас толқын» концертін ұсынып, көрерменді тәнті етті. Мәдени шараға Мәскеуде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті оқу орындарында оқып жатқан студенттер шақырылды.
Индира Бегайдар