Жылдың үздік еріктілері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдың үздік еріктілері марапатталды

05.12.2023

Қазір елімізде 600-ден аса волонтерлік ұйым бар. Көрсеткіш кейінгі 10 жылда 4 есеге өскен. Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі мәлімдеді. Еріктілер күнінде Данияр Қадыров «жылдың үздік волонтерлерін» марапаттау рәсіміне қатысты. Халықаралық премияға 300-ден аса үміткер өтініш білдірген. Талап бойынша әр ерікті жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс. Қатысушылар табиғатты қорғау, қарттарға жанашырлық таныту, азаматтардың денсаулығын нығайту сынды әртүрлі бағыттар бойынша іс-шара ұйымдастырған. Айта кетейік, қазір елімізде 260 мың ерікті бар. Оның 160 мыңы тұрақты тізімге енгізілген.

Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

2020 жылдан бері беріп жатқан номинация. 15 номинация бойынша беріледі. Бүгін 47 адамға беріледі, әрбір номинациядан 3 адамнан. Бұл халықаралық премия Өзбекстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан номинаннтар болды. Биыл да Қырғызстаннан номинаннтар бар.

Жансерік Байденов, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегері:

Мен өзім салауатты өмір салтын қалыптастыру номинациясының жеңімпазы атандым. Сол номинация бойынша 2011 жылдан бері волонтермін. Біз Талдықорған қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша орта білім беру ұйымдарымен ерте жыныстық қатынас, вич спидтің алдын алу, репродуктивті денсаулығын нығайту бойынша профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырған болатынбыз.


Хабарламаларға жазылу