Елордада жылдың үздік студенттері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жылдың үздік студенттері марапатталды

26.11.2022

Елордада өткен «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» форумында жылдың үздік студенттері марапатталды. Оларға арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық табысталды. Шараны «Білім өркениеті» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған. Мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, инновациялық идеяларын кеңейту, патриоттық сезімдерін арттыру. Жиынға Amanat партиясының өкілдері, ғалымдар, үздік студенттер қатысты.

Саят Нәбиев, «BILIM-ORKENIETI» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары:

Қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуы, оқу-білімдегі жетістігі және де өздерінің осы «Тәуелсіз Қазақ елінің дамуына жаңашыл идеялар» атты тақырыптағы эсселерін қорытындылап, қазылар алқасы қарап, бүгін, міне, жеңімпаз жүзге жуық студентті марапаттап жатыр.


Хабарламаларға жазылу