Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан жабылған республикалық маңызы бар екі жол ашылды. Дегенмен қалғаны әлі жабық. Қазір облыс орталығында ауа райы күрт құбылып, жаңбыр жауып тұр. Салдарынан көшелерді көк мұз басып, тұрғындардың жүріп-тұруы тіптен қиындады. Бірнеше ауданда таңғы ауысымдағы оқушылар қашықтан оқып жатыр.
Ал Қостанай облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да қалпына келтірілген. Дегенмен, көктайғақтың кесірінен өңірдегі барлық мектептер мен колледждерде түскі ауысымдағы сабақ та қашықтан өткізілмек. Жалпы, кеше түнде ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше аймағында көлік қозғалысы тежелген. Мәселен, қазір Павлодар, Қарағанды облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше бағыттағы жол жабық тұр.
Азамат Нұғыманов