Қырғызстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін. Елдің Парламент депутаттары осындай заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. Әлеуметтік саясат комитетінің отырысында "Қырғыз Республикасының аумағына энергетикалық сусындарды әкелу, өндіру, шығару және сатуға тыйым салу туралы" заң жобасын қарады. Бұл мәліметті Қырғызстанның БАҚ өкілдері жариялады. Мұндай бастаманы Жогорку Кенеш депутаты көтерген. Оның пікірінше, энергетиктерді әкелу мен сатуды доғару арқылы азаматтардың денсаулығын жақсартуға болады. Өйткені ел ішінде осы сусынның кесірінен жүрегі ауырып, аурухана жүгінетіндер көбейген көрінеді. Бұдан бұрын сусын түрінің денсаулыққа зиян екенін осы елдің денсаулық сақтау министрі де айтқан.
Торғын Мелісқызы