Энергетикалық сусындардың сатылымы шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетикалық сусындардың сатылымы шектеледі

26.09.2023

Кез келген емхананың өздеріне тіркелген азаматтарды қабылдауды кейінге шегеруі заңға қайшы. Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында осылай деді.

Медициналық қордан бөлінетін қаржының айлық мөлшері жұмсалғанын сылтауратып, қызмет көрсетуді келесі айға шегеретін жағдай жиі кездеседі. Дегенмен, олар ай сайын қордан ақша алып отыр. Егер белгілі мөлшерден көп қызмет көрсетсе оның ақсын келесі айда мемлекет төлеп береді, деді министр.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният енді елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша қазір салауатты өмір салтын сақтанатындар азайып кеткен. Балалардың 20 пайызы артық салмақтан зардап шегіп отыр. Сондықтан энергетикалық сусындардың сатылымына заң бойынша шектеу қойылуы мүмкін. Қазір мәселе Парламентте қаралып жатыр.

Заң жобасында вейбтердің сатылымын шектеу туралы да норма бар. Себебі статистика бойынша қазір 11-15 жас аралығындағы балалардың 10 пайызы тұрақты түрде электронды темекіні тұтынады, деді министр.


Хабарламаларға жазылу