Таразда тәртіп сақшыларына электромобильдер табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда тәртіп сақшыларына электромобильдер табысталды

04.12.2023

Еліміз бойынша ең бірінші болып Тараздың тәртіп сақшылары тоқпен жүретін көліктерге отырды. Отандық өндірісте жасалған 25 электромобиль оқиға орнына жылдам жетуге сеп болмақ. Өйткені қозғалысы шапшаң, толық қуаты 400 шақырымға жетеді.

Бұған дейін полицейлер бензинмен жүретін бір көлікті күтіп баптауға жылына 2 млн теңге жұмсаса, ал электр көлікке небәрі 900 мың теңге кетеді екен. Жалпы жылына 600 млн теңге бюджет қаржысы үнемделмек. Экологиялық таза көліктерге көшуді Президент өз жолдауында жүктеген болатын.

Бауыржан Үдергенов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

Автокөліктерге қарағанда екі жарым есе үнемді. Біз оны санап көрдік. +220 вольтпен 8 сағатта толығымен зарядталады. Қуаттайтын қарастырылып жатыр. 14-15 жерден Тараз қаласынан қарастырылып жатыр.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу