ArcelorMittal компаниясымен келісімге қашан қол қойылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ArcelorMittal компаниясымен келісімге қашан қол қойылады?

03.12.2023

Қазанның соңында болған қаза – Қарағанды шахтасындағы апатқа да бір тоқталсақ. 46 кеншінің өліміне себеп болған кезекті трагедиядан соң Қазақстан «АрселорМитталмен» байланысты түбегейлі үзу туралы шешкені белгілі.

Осы апта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі келісім аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Бұған дейін үкімет жаңа инвестор іздеп жатқанын және оған қандай талаптар қоятынын жариялаған еді.

Жаңа инвестор 1 млрд долларды бірден, 3-5 жыл аралығында 3 миллиард доллар ақша құйып, өндірістік қауіпсіздікті қаржыландыру кестесін орындауы, өнімдер ассортиментін ұлғайтуы, жұмыс орындарын сақтауы, кәсіпорын айналасында басқа да өндірісті, шағын және орта бизнесті дамытуы керек.


Хабарламаларға жазылу