Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімшартқа отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімшартқа отырды

28.12.2020
Қазақстан Pfizer компаниясымен келісімшартқа отырды

Қазақстан америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясымен жария құқығынсыз келісімге қол қойды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті. 

«Біз бүгін Pfizer компаниясымен жарияламау туралы келісімге қол қойдық және арнайы рұқсат құжаттарын беру арқылы Қазақстан аумағына осы вакциналарды жеткізумен айналысуға дайынбыз. Барлығы осы компанияның өндірістік қуаты мен осы препаратты республика аумағына жеткізу қабілетіне байланысты болады», - деді Шоранов. 

«Вакцинаны сатып алуға кедергі келтіретін нюанстар бар ма?» деген сұраққа да вице-министр жауап берді. 

« -70 градус – Қазақстанның барлық аумағында кең ауқымда қолдануға айтарлықтай кедергі. Бүгінде біз барлық логистикалық тізбекті пысықтап жатырмыз, іс жүзінде әрбір өңірде қазірдің өзінде арнайы хаб бар. Яғни, бұл бірыңғай дистрибьютор, оның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкент қалаларында 4 негізгі хабы бар, олар тиісті тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған және вакциналарды сақтауға және -20 градусқа дейін температуралық режимді сақтауға мүмкіндік береді», - деді  вице-министр. 

Сонымен қатар, брифинг барысында Рfizer компаниясымен келесі келіссөз 30 желтоқсанда өтетіні айтылды.


Хабарламаларға жазылу