Жол қозғалысына жаңа ережелер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол қозғалысына жаңа ережелер енгізіледі

01.12.2023

Қаңтардан бастап жол қозғалысына тағы да жаңа ереже енгізіледі. Енді жол апатына түсіп қалғандар полиция шақырмай-ақ өтемақы ала алады. Жүргізушілер оқиғаны арнайы мобильді қосымшамен онлайн тіркейді. Ол үшін көліктің сақтандыру полисі жарамды, ал апаттан зардап шеккендер болмауы керек. Жаңа ережеде жаяу жүргіншілерге де арналған қосымша бар. Бағдаршамның жасыл түсі жанса да адамдар қозғалып келе жатқан көлікке жол беруі тиіс. Машина толық тоқтаған кезде ғана жолдан өтуге рұқсат. Бұл әрекет кептелістің пайда болуына жол бермейді, дейді ішкі істер министрлігі.


Тәуір Бозекен

Хабарламаларға жазылу