Астананың құзырлы органдары хостелдер мен жатақханаларды тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың құзырлы органдары хостелдер мен жатақханаларды тексерді

01.12.2023

Астананың құзырлы органдары хостелдер мен жатақханаларды тексере бастады. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстырды.

Тексеру барысында, жөртөледе орналасқан мына хостел қауіпсіздік талаптарын сақтамайтыны анықталды. Мұнда қарапайым дабыл сигналы жоқ. Соңғы рет тексеру 2 жыл бұрын жүргізіліпті. Жалпы биыл елордада 549 өрт болған. 12 адам көз жұмып, 27 адам жарақат алған. Ал 38 тұрғын көміртегі газымен уланған. Қазір қалада 229 қонақ үй мен 80 хостел жұмыс істейді.

Мадияр Мұрзагелдиев, қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Адамдар тұрып жатыр, шығу жолдары жабық.Кәсіпкерлік Кодекс бойынша арыз-өтініштер түсетін болса, біз тексеріп әкімшілік іс қозғайтын боламыз.  Профилактикалық жұмыстың нәтижесін біз қала әкімдігі мен прокуратураға жібереміз. 

Хостелде тұрып жатқандар Алматыдағы өрттен кейін қорқып қалғандарын айтады. Басқа қаладан келіп нәпақасын тауып жүргендер пәтер жалдауға артық қаражатымыз жоқ дейді.

Нұрсұлтан Жүнісбеков, Түркістан облысының тұрғыны:

Мен өзімнің бөлмемде терезе жоқ. Есікті құлыптамаймыз, есік азаннан кешке дейін ашық тұрады. Өзіміздің шкафымызға заттарымызды салып құлыптап вахтершіге беріп кетеміз. Күніне 1200 теңге төлейміз.


Хабарламаларға жазылу