АҚШ ғалымдары адам жасушаларынан робот жасап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ ғалымдары адам жасушаларынан робот жасап шығарды

01.12.2023

АҚШ ғалымдары адамның трахея жасушаларынан өте ұсақ биологиялық роботтар жасап шығарды. Олар «АнтРоботтар» деп аталады. Ғалымдардың айтуынша, бұл роботтар - өздігінен қозғалатын биологиялық тірі жасушалар. АнтРоботтар зертханада өсірілген нейрондардың зақымдалған бөліктерін үш күнде қайта қалпына келтіре алатыны анықталды. Зерттеушілер болашақта тірі роботтарды атеросклерозды, жұлын ауруларын емдеуге, бактериялар мен қатерлі ісік жасушаларын анықтауға, дәрілік препаратты қажетті ағзаға жеткізуге қолдануды жоспарлап отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу