Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің ашылуына дейін бірқатар мемлекет басшыларымен кездесті. Сондай-ақ басқа да жиынға қатысушы тұлғалармен әңгімелесіп, пікір алмасты.
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ-нығ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, түрлі мемлекет және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. 28-ші климаттық саммитте жаһандық жылынудан зиян көрген елдерге өтемақы төлеу үшін құрылатын халықаралық қордың жұмысын ұйымдастыру мәселесі сөз болды.
Айта кетсек, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барған болатын.
Тәуір Бозекен