Ақтауда 2 полиция қызметкері түнгі клубта төбелескені үшін жұмыстан қуылды. Оқиға қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде құқық қорғау органының 2 қызметкері төбелесті өздері бастап, пышақ қолданды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті бұл мәліметті растады. «Бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, тәртіптік комиссияның шешімімен, 2 қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.
Аягөз Оралбайқызы