Келер жылы елімізде 4 күре жол жүк көліктері үшін ақылы болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрі хабарлады.
Қазір Қызылорда – Арал, Бейнеу – Ақтау, Ақтөбе – Оренбург және Қостанай – Троицк бағыты бойынша учаскелер белгіленді. Айта кеткен жөн, Қазақстанда ақылы негіздегі 17 автомагистраль бар. 2030 жылға қарай бұл санды 32-ге арттыру көзделген.
Жандос Темірғали