«МАЭК» үш жылда кезең-кезеңмен жаңғыртылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МАЭК» үш жылда кезең-кезеңмен жаңғыртылады

27.11.2023

Маңғыстау өңіріндегі халықты жарық, жылу, сумен қамтамасыз етіп отырған «МАЭК» кәсіпорны алдағы 3 жылда кезең-кезеңмен жаңғыртылады. Бұл мақсатқа жұмсалатын қаражат қайдан алынады? Аймақта тағы қандай өзекті мәселелер бар? Әріптесім Самал Қабышева рет-ретімен.

Жүйесінің 80 пайызы тозған «МАЭК»-ті жаңғыртуға облыстық бюжеттен 2,6 млрд, Үкімет резервінен 4,9 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат қазір игеріліп жатыр. Бұдан бөлек кәсіпорынның жеке қаражат есебінен де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

МАЭКтің жеке қаражат есебінен 6 млрдтай қаражат бөлінді. Ол да қазір иегіліп жатыр. Бұның бәрі шұғыл құрал-жаблықтарды ауыстыруға, және қажет шараларға негізделген.

Бұдан бөлек Ақтаудағы тағы бір өзекті мәселенің бірі - инженерлік желі. Ақтауда құбырлардың жарылуы тұрғындар үшін қалыпты жағдайға айналған. Енді 2026 жылға қаланың жалпы ұзындығы мың шақырымға жуық желісі жаңарады. Ақтаудағы тағы бір өзекті мәселе заңсыз салғанған тұрғын үйлер. Қазір сот шешімімен сүріліп жатыр. Себебі, мердігерлер жердің мақсатты пайдалануын өзгертіп, түрлі заңсыздыққа барған.Салдарынан мыңға жуық қарапайым тұрғындар зардап шегіп отыр.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Сондай-ақ каспийдің жағалауына биыл бар болғаны 180 мыңға жуық турист келген. Оның 16 мыңнан астамы шетелдіктер. Енді каспий жағалауын дамыту үшін жауаптылар, халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірие алмасып, туризм әлеуетін дамытуға басымдық бермек.

Хабарламаларға жазылу