Ақмола облысында көктайғақтан екі жүзден астам адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Қазір өңірдегі травмотология бөлімшелері лық толы. Дәрігерлердің сөзінше, көбісі түрлі дене жарақаттарын алса, кейбірінің аяқ-қолы сынған. Медициналық көмекке жүгінген 130 адамның 80% мұзға тайып жығылғандар. Өңірде бірнеше күннен бері тоқтаусыз жауған қар мен жаңбырдан кейін жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар алды мұз айдынына айналып, көлік қозғалысы қиындаған.
Рысқұл Жақсыбекова, қала тұрғыны:
Подьезден екі аттадым, бордюрден арман қарай шыққанда құладым. Мұзға. Алдында мұз екенін білдім. Бірақ қар жауып жатқан соң, құлаймын деп ойламадым. Жан екпінмен алға қарай жылжып, аяғым бөлек қалып қойған сияқты. Оң аяғым. Ұршықтың мойны сынған. Бүгін мүмкін ота жасайды.