Батыс Қазақстан облысында бүгін үшінші күн қатарынан әуе рейсі кейінге шегеріліп, ұшақтар ұшпай жатыр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Бірнеше күннен бері Орал әуежайында ұшақ ұшпай, кейбір рейстер мүлдем тоқтады. Өйткені екі күн бұрын аймақта боран болып, ылғалды қар жауған еді. Сол жауын-шашын ұшу-қону жолағында мұз боп қатып, көктайғақ болған. Қазір 15 техника жолды тазалап, жұмыс істеп жатыр. Бүгінге жоспарланған 4 рейс кейінге шегерілді. Атап айтқанда, таңда ұшуы тиіс Алматы, Астанаға дейінгі әуе қатынасы кешкіге қалды Әуежай әкімшілігі кешке дейін ұшу-қону жолағы мұздан тазартылып, жағдай қалпына келеді деп уәде беріп отыр.
Ардақ Мұратқызы