Маңғыстауда «Шығыс Қаратұрын» кен орнындағы өрт әлі ауыздықталған жоқ. Бірақ, газдың атқылауы айтарлықтай азайған.
Мамандар апатты жою жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтаған. Жоспар бойынша өрт шыққан жерге тігінен және қиғаш ұңғымалар қазылып, 40 мың текше метр су жіберілді. Соның нәтижесінде алапат өрт бәсеңдеген. Енді екінші кезеңде ұңғымалар арқылы ауыр ерітінді құю жұмыстары басталады. Өртті сөндіруге қазірдің өзінде 3 млрд теңге жұмсалған. Бұл кен орнындағы өрттің жанып жатқанына жарты жылға жуықтады. Ұңғыманы жөндеу жұмыстары кезінде газ-су аралас қоспа атқылап, арты қызыл жалынға ұласқан еді.
Ғалымжан Сеңгірбаев, бас инженер:
Апатқа орын алуға әкелген мекеме, мердігер мекеме «Заман энерго» болатын. Бұрғылау қондырғысы жобаға құжаттары сәйкес емес және бұрғылау кезінде технологиялық режимдерді, процестерді бұзғандығынан осындай апатқа әкеліп сақты.
Аягөз Оралбайқызы