Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бакуге барды. Әзербайжан астанасында бүгін Біріккен ұлттар ұйымының Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының, яғни, СПЕКА саммиті өтеді. СПЕКА 1997 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған ұйым. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан кіреді. Айта кету керек, осы уақытқа дейін ұйым саммиті вице-премьерлер мен министрлердің деңгейінде өтіп келген еді. Бүгін алғаш рет президенттер қатыспақ.
Досжан Маратұлы