Президент Алматыға жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматыға жұмыс сапарымен барды

12.05.2020

Жұдырықтай жұмылсақ, бұл пандемияны да жеңеміз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында осылай деді. Президент коронавирус инфекциясын тез анықтайтын мобильді орталыққа барды. Кореялық ноу-хаудың ерекшелігі – көліктен шықпай-ақ талдама жасап, инфекцияның бар-жоқтығын анықтай алуында. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қайта жөндеуден өтетін Әлеуметтік қзыметтер үйі мен халықаралық әуежайды аралады. Мегаполистің шырайын келтірген Ботаникалық баққа барды. 

Мемлекет басшысы Алматыға сапары аясында COVID-19 вирусын анықтайтын кореялық мобильді скринингтік орталыққа барды. Бұл тестілеу жүйесі аз уақыттың ішінде барынша көп адамды тексере алады. Тестілеудің тағы бір тиімді тұсы – оның жабық ғимаратта емес, ашық аспан астында, далада өтетіндігінде. Оңтүстік Кореяда озық саналған орталық алғаш рет Алматыда ашылып отыр.  Сондай-ақ Президент ару Алматының көрнекті, көрікті орындарының бірі - ботаникалық бақты да аралады.   

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу