Биыл елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға жол ашты. Бұл жоба Президенттің сайлауалды бағдарламасы ойдағыдай орындалып жатқанын көрсетеді. Әсіресе, бұл бағытта Әулиеата өңірі көш басында келеді. Биыл аймақ шаруаларына 2,5 пайыз несие беру мақсатында 24 млрд теңге қаржы бөлінді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы 4 жыл бұрын пилоттық негізде Жамбыл жерінде бастау алды. Осы аралықта 42 млрд теңге несие 8 мың шаруаға берілді. Қаржыға қол жеткізгендердің қатарында Рахымбек те бар. Ол шарт бойынша кооператив құрып, дән себу мен техника үшін 115 млн теңге несие алған.
Рахымбек Кәрібаев, «К-Бәйден» кооперативінің жетекшісі:
Қарапайым халыққа өте пайдалы жағын ойластырып істелінген екен. + 15 млн-ды 4 жылға шаққанда шамамен 3,5-4 млн жылына төлейміз. +Жем-шөпті арзандатылған бағамен берсек бе дейміз осы техниканың арқасында.
Шаруа 150 гектарға күзгі дән себуді мерзімінен кешікпей аяқтамақ.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Дихандар тиімді несиеге табысты мол әкелетін түрлі техника алғанына қуанады. Айталық мына қытайлық қаранар елдегі ескілеріне қарағанда өте өнімді. Бір гектарына 17 литр жанармай тұтынса, ал бір тәулікте 25 га жерді жыртып береді.
Былтыр жоба бойынша бар-жоғы 6 млрд теңге бөлінсе, биыл 24 млрд теңге берілген. Тиімді тетікті 2 жарым мың ауыл тұрғыны пайдаланған.
Дулат Оспанов, облыстық АШБ бөлім басшысы:
Сол ауылдарға барып көретін болсақ, жалпы бізде 124%-ға мал басы жоғарылаған, одан бөлек ет-сүт өндірісі де 15-20% аралығында жоғарылап отыр. +Жем-шөптің өндірісі 30%-ға артқан. + Техниканың жаңарту көрсеткіші 10%-дан асып отыр.
Жобаға Жамбылдағы 153 ауылдық округ кірсе, бүгінде 60-ы қаржымен қамтылған. Бұл 60 жаңа копператив құрылғанын көрсетеді. Келесі жылы шаруаларға 25 млрд теңге несие беру жоспарланып отыр.
Данияр Әлімқұл