Ақтөбеде бір топ ата-ана балабақша қызметкерлерінің балаларын ұрғанын айтып шағымданды. Сәбилердің бет-ауызы мен денесі көгеріп, қызарып келгенін бірнеше ата-ана байқаған. Қолдарында айғақтары да бар. Ал, білім беру мекемесі кінәлі емес екендерін айтып отыр Қазір балабақшаны тексеру басталды.
Бұл балабақшаға Гүлжайна екі баласы келген. Ол кішкентайының денесі көгергенін байқап, тәбриешілерден мән-жайды анықтауға тырысқанын айтады. Алайда, кері жауап болмаған. Артынша басқа ата-аналар да балаларының үстінен соққы іздерін көрген.
Гүлжайна Жұлмағамбетова, қала тұрғыны:
Баланың денесі ұрылған. Басында бетінде гематома іздері бар. Арқасында синяктың іздері бар.Одан кеін екінші ата-ана баласынң арқасының синягын жібереді.
Еденде ұйықтап жатқан бала, шашылған киімдер. Мына көріністерді ата-аналардың бірі түсірген. Ол ыдыс-аяқтардың да талапқа сай еместігін көрген.Ал, дәрі-дәрмектер салынған сөрені құрт-құмырсқа жайлап кеткен.
Әсел Халидолла, қала тұрғыны:
Әрине, ұрып-соқты.Бұл құлаған немесе жарақат алған немесе тобындағы баланың ұрғанына ұқсамайды. Тіпті, егер құласа да, егер де тобындағы бала ойыншық лақтырып қалса да, қайда қарап отыр тәрбиешілер? Няня қайда қарап отыр? Няняны бұл жерге кір жуу үшін, ыдыс жуу үшін алды ма?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Журналистер келгенін көрген балабақша қызметкерлері есікті тарс жауып алды. Қалалық білім бөлімі мамандарының айтуынша, қазір мұнда 70-ке жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Алайда, соңғы жағдайлардан кейін 25 баланың ата-анасы құжаттарын қайтып алып кеткен.
Тілшілер келгенін көрген балабақша қызметкерлері аула сыртына шығып, мән-жайды түсіндіруге тырысты.
Жұлдыз Әбілханова, балабақша меңгерушісі:
Бәрі жала жауып,осылай істеген нәрсе ғой.Дайындалғанғой, бәрі дайындалған. Кеше келді бізге тексеріс.Департаменттен, осы кісілер қалған жауабын береді,иә?
Ашулы ата-аналар бұған дейін құзырлы орындарға арыз жазған. Олардың айтуынша, балабақшадағы кейбір қызметкерлердің арнайы дипломдары да жоқ. Қазір білім беру мекемесін арнайы комиссия тексеріп жатыр.
Жұлдыз Шалабаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:
Білім сапасын бақылау департаментінен, ссэс мамандарынан қосылды. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Болған нәтиже, қорытынды бойынша зерделеу жұмысы аяқталған соң тағы да хабардар етеміз.
Бұл жағдайға қатысты полиция «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Жақсыбек Кемал