Сұлтан Бейбарыс дәуірі - түркілердің алтын кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтан Бейбарыс дәуірі - түркілердің алтын кезеңі

23.11.2023

Сұлтан Бейбарыстың көне Мысырда мемлекет құрып, ислам әлеміндегі даңқты билеуші болған кезеңі - түркілер үшін алтын дәуір. Анкарада өткен Дешті Қыпшақ даласынан шыққан тұлғаның туғанына 800 жылдыған орайластырылған конференцияда ғалымдар осындай пікір білдірді. Олар Түркі халықтарына ортақ тұлғаның әлемде насихатталуы әлі де кемшін түсіп жатқанын да тілге тиек етті. Сондықтан мұндай басқосулар әсіресе жастар үшін маңызды деді. Жиында «Сұлтан Бейбарыс» зерттеу орталығының жетекшісі Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс» атты кітабы қалың оқырманға таныстырылды.

Қайрат Сәки, кітап авторы, «Сұлтан Бейбарыс» зерттеу орталығының жетекшісі:

Кітап 2000 жылы «Пирамида үстіндегі киіз үй немесе Бейбарыс туралы» деген атпен шыққан, осы 22 жыл өткен соң 2022-2023 жылы қатарынан екі рет «Сұлтан Байбарыс» деген атаумен шығарылды. Толықтырылған нұсқасы осы 800 жылдыққа арнайы шығарылды.

Женгиз Томар, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Сұлтан Бейбарыс біздің түркі тарихы үшін тек қана түркі тарихы үшін емес, қыпшақ тарихы үшін барлық әлем тарихы үшін маңызды кісі, оның көп жұмыстары бар. Біз Түркия ғалымдары ретінде мәмлүктанушы ретінде біз барлық көмегімізді Қазақстанға береміз. Бұл біздің ортақ тарихымыз.
Айдос Әшімұлы
түркия

Хабарламаларға жазылу