Павлодар мектептерінде сабақ онлайн жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мектептерінде сабақ онлайн жүріп жатыр

23.11.2023

Ауа райы бүгін Павлодарда тұрақсыз болып тұр. Жел күшейіп, жаңбыр аралас қар жауды. Мектептерде сабақ онлайн жүріп жатыр. Кейбір шағын аудандарда жарық өшіп, тұрғын үйлерге жылу бәсеңдеген. Себебі, қаланы электр қуатымен жабдықтайтын шағын стансада қысқа тұйықталу болды.

Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнерго» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

«Правобережная» қосалқы станциясындағы апатты сөндіруге байланысты Шокина, Мәшһүр Жүсіп, Астана, М.Горький, Амангелді, Кубанская көшелері ауданында электр қуатын беру шектелді. Авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазір тұтынушыларды басқа қосалқы стансаларға қостық.Барлық абоненттерде жарық бар.

Болат Аманбаев

павлодар

Хабарламаларға жазылу