Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

23.11.2023

Еліміз 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күнінде белгілі болды. Парижден жеткен жағымды жаңалықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдаған. Айта кетейік, құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы.

«Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді» дейді еліміздің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу