Жаңа жылға қарай кейбір азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деді. Министр бағаның көтерілуі уақытша деп отыр. Мерекеден кейін баға қайтадан арзандайды. Оның сөзінше, қазір жұмыртқа, ұн, сиыр еті мен құс еті, сондай күріш бағасы өскен. Ал егіні молынан жиналған өсімдік майы, қант, қарақұмықтың бағасы керісінше арзандапты. Министр нарықта көрші елдердің өнімдері қаптаған соң, азық-түлік қымбаттады деген пікірге де жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде дүкен сөрелеріндегі тауардың 70 пайызы – отандық өнім.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Ондай мәселе болса, біріншіден бізге заң бойынша минималдық оптовый бағалар деген механизм бар. Ол бізге мүмкіншілік береді. Бірақ оны енгізу үшін бізге арыздар керек. Ондай арыздар түскен жоқ. Бізде кеңестік қоғам бар. Сапалы өнім деген. Олар тұтынушыларды қорғау жағынан осындай өнімдерді тексеретін болады. Арыз болса, біз тексереміз.