17 Қазақстан азаматы Газа секторында қалды. Олар өз еріктерімен эвакуациядан бас тартқан. Мұны Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты. Бұған дейін 99 адам арнайы операция нәтижесінде елге жеткізілген. Қолдарында билеттері дайын, ұшып шыққысы келетін азаматтар да, бар. Алдағы уақытта елге оралғысы келетіндер болса, көмек көрсетуге дайынбыз, деді вице-министр.