Қостанайда қазылған орға көлік құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қазылған орға көлік құлап кетті

22.11.2023

Қостанайда көпқабатты үйлердің ауласына қазылған орға көлік құлады. Анықталғандай траншея жер асты кабелдерін өткізу үшін қазылған. Полиция мердігердің осы жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамағанын анықтады. Яғни, ескерту белгілері қойылмаған. Көліктегі жолаушылар ішінде кәмелетке толмаған бала да болған. Ересектердің бірі жарақат алды, бала дін аман. Осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша апатқа заң тұрғысынан баға беріледі.

Дәуренбек Әбдібек


қостанай

Хабарламаларға жазылу